Жетекші университет әлеуметтік желіде жарияланған бейнетүсірілімге қатысты ақпаратты жоққа шығарады

0
2154

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі әлеуметтік желіде жарияланған бейнетүсірілімге қатысты ақпаратты жоққа шығарады.

№17 жатақхана 1990 жылы салынған. Биыл барлық студенттер үйінде жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде есіктері ауыстырылып, тоңазытқыштар мен электр плиталары жаңартылды.  Төсек-орындары мен жамылғылар жаңадан алынып, жиһаздар ауыстырылды. Сантехника және электрлік желілері орнатылды.  Жаңа оқу жылында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі арнаулы рейд барысында жатақхана қайта тексеріліп, әлеуметтік желідегі ақпарат расталған жоқ. Студенттер тарапынан шағымдар айтылмады.

Студенттер қалашығының директоры Әбдіқаһар  Сейітжанов:

– Ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде жатақханадан студенттер шығарылды. Арнайы құрылысшылар жұмыс істеді. Әлеуметтік желідегі жарияланған бейнетүсірілім жаз мезгілінде түсірілген. Оқиғаны қазір болып жатқан секілді көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мұндай келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің студенті Томирис Қуаныш:

– Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әлімжеттік көрсетіліп жатыр деген мәселеге келіспеймін. Қарашаңырақ ҚазҰУ-дың филология факультетіне ата-әжесінің тәрбиесін көрген жастар оқуға түседі деп санаймын. Үлкен әулеттің тәрбиесін көрген, сондай-ақ қазақтың тілі мен әдебиетін оқитын балалар бір-біріне әлімжеттік жасап, телефонын тартып алады деп ойламаймын.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің студенті Кенжебек Балтабай:

– Жігіттердің арасында әлімжеттік көрсету бұған дейін болған емес. Біздің факультетте санаулы ұлдар бар. Бәріміз аға-інідей сөйлесіп, бір-бірімізге сыйластық танытамыз. Факультеттің кез келген жігітінен сұрасаңыз барлығы осылай жауап береді деп ойлаймын.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here