Өрттен қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілді

0
855

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қайырымдылық көмек көрсету аясында Абай облысында төтенше жағдай кезінде қаза тапқандардың отбасыларына бір реттік материалдық көмек көрсетті.

Қор облыс әкімдігімен қаза тапқандардың туыстары арасында көмек алушылардың тізімін, сондай-ақ төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың тізбесін анықтау бойынша мәселелерді пысықтады. Абай облысы әкімінің хаты негізінде «Қазақстан халқына» қорының Басқармасы «Семей орманы» МОТР» РММ Долон филиалының қаза тапқан қызметкері Сергей Архиповтың отбасына қайырымдылық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Қор қаза тапқан азаматтардың отбасыларына 7 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетті, қаза тапқандардың отбасыларына әрбір кәмелетке толмаған балаға (2023 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша 18 жастан аспаған) 2 млн теңгеден бөлінді.

Сонымен қатар, Қор қаза тапқан азаматтардың балаларын білім гранттарымен қамтамасыз етеді. 18 жасқа толмаған балаларға Эндаумент қорында арнайы шот ашылып, онда болашақта ЖОО-да оқу ақысын төлеуді қамтамасыз ету үшін әр балаға 4 млн теңгеге дейін жинақталады. Бұл қаражатты Ұлттық қордың инвестициялық кірісі есебінен қалыптастырылатын арнайы құрылатын қорда марқұмдардың кәмелетке толмаған балаларының шоттарына аудару жоспарлануда. Еске салсақ, Парламент Мәжілісі бірінші оқылымда «Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдаған болатын.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here