Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

0
192

Түркістан облысындағы №2 перинаталдық орталықта салмағы 6 келі болатын қыз бала дүниеге келді. Мамандардың пікірінше, бұл салмақ қалыпты жағдайдан екі есе үлкен саналады.

Дәрігерлер 30 жастағы келіншекті 13 маусым күні кесір тілігі арқылы босандырып алған. Қазір ана мен балаға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Нәресте мен анасының жағдайы қалыпты.

Алтыншы перзентін өмірге әкелген Нұрила Бөрікбаева қызының есімін Жұлдыз деп қойыпты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here