Газға қосылу үшін құжат алу тәртібі жеңілдетілді

0
177

Қазақстандықтар үшін газға қосылу кезінде бірінші құжатты алу тәртібі жеңілдетілді. Техникалық шарттар тегін және онлайн режимінде беріледі. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

«Техникалық шарттарды алуға өтінімді онлайн режимінде – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сайтындағы тұтынушының жеке кабинетінде, сондай-ақ компанияның өңірлердегі өндірістік филиалдарының мекенжайлары бойынша беруге болады», – деп жазылған хабарламада.

Министрлік өкілдері өтініш өңделгеннен кейін дайын техникалық шартты SMS хабарлама түрінде жолданған сілтемеден жүктеп алуға болатынын түсіндірді.

«Жауапты компанияда құжаттарды беру тегін жүзеге асырылады. Ал, техникалық шарттарды бергені үшін ақы талап етсе, сондай-ақ компания қызметкерлерінің заңсыз және сыбайлас жемқорлық белгілері бар әрекеттерінің басқа да фактілері анықталса, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бірыңғай байланыс орталығына 5169 телефоны немесе +7 777 121 26 26 нөміріндегі мессенджер арқылы хабарлауды сұраймыз. Қазақстан аумағынан қоңырау шалу тегін», – деп нақтылады министрліктегілер.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here