Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті

0
122

27 қаңтарда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі науқан шеңберінде Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға «Байтақ» жасылдар партиясы мен «Respublica» партиясын жіберу, сайлауда мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, саяси партиялар мен кандидаттардың қатысуын қаржылық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Жиынға облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары және әкімдердің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармаларының басшылары (бейнеконференция режимінде) қатысты, сондай-ақ отырысқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, Орталық сайлау комиссиясының жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының мүшелері, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері келді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here