Аргентина, Уругвай, Чили және Парагвай елдері футболдан 2030 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді. Бұл туралы Аргентина футбол федерациясының басшысы Клаудио Тапиа мәлімдеді.
«Әлем кубогының 100 жылдығы қарсаңында біз оны тағы да өткізуді армандаймыз. Біз, оңтүстікамерикалықтар, футболмен өмір сүреміз. Бұл үлкен міндет екенін білеміз. Аргентина, Уругвай, Парагвай және Чилидің 2030 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге лайық екендігін бүкіл әлемге дәлелдейміз», – деді Клаудио Тапиа.
Айта кетейік, Аргентинаның өткен жылы Қатардағы Әлем чемпионатының жеңімпазы атанғаны мәлім. Ал, келесі дүниежүзілік біріншілік 2026 жылы АҚШ пен Мексикада өтеді.