Жас жауынгерлер әскери ант қабылдады

0
179

Ант беруге арналған салтанатты іс-шаралар Орталық спорт клубы мен Ұлттық қорғаныс университетінде өтті. Тарихи сәтті бөлісу үшін әскери мекемелерге гарнизон басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, сарбаздардың туыстары мен жақындары жиналды.

Ант қабылдау рәсіміне дейін әскерге шақырылушылар бір ай бойы жас жауынгер курсынан өтіп, саптық, дене шынықтыру, атыс дайындығының, жалпы әскери жарғылардың негіздерін оқып, практикалық атыстарды орындады.

Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінде ант қабылдаған 20 сарбаздың алтауы әскери-ғылыми взводқа, 14-і штабтық ротаға бөлінді. Негізінен жас сарбаздар Алматы, Абай облыстарынан шақырылған .

Әскери-ғылыми взводқа техникалық мамандықтар бойынша азаматтық жоғары оқу орындарын бітірген жастар іріктелді. Олардың қызметі робототехника мен IT-технологиялардың заманауи жетістіктеріне негізделген ғылыми-зерттеу жобаларын іске асырудан тұрады.

Алматыдағы спортшылар ротасы еліміздің әр өңірінен келген 13 жас сарбазбен толықты. Олардың ішінде халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, түрлі спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Мысалы, Әлішер Айсалбаев қарудан атудан, ал  Айбек Сабырбеков грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. Салтанатты рәсімге қатысушыларды Қорғаныс министрлігі ОСК – Спорт комитетінің төрағасы подполковник Арман Әбеуов құттықтады.

– Әскердегі қызмет сендерге спорттық шеберлікті жетілдіруге тамаша мүмкіндіктер береді. Орталық спорт клубының тарихында көптеген көрнекті есімдер мен жеңістер бар. Армия спортшыларының арқасында Қазақстанның әнұраны әлемнің көптеген беделді ареналарында шырқалды. Қарулы күштер мен Қазақстанның спорттық жетістіктерінің қоржынына өз үлестеріңді қосатындарыңа сенімдімін, – деді ол.

Салтанатты бөлімнен кейін сарбаздардың ата-аналары мен туыстары казармаға барып, әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайымен танысты. Әскери бөлімдердің командирлері оларға запасқа шығарылғаннан кейін ұлдары пайдалана алатын жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here