Жаныңда жүр жақсы адам

0
2548

Таң атса – кеш батып, өмір өтуде. Қанша адам болса, сонша түрлі тағдыр иелері өмірден өз орындарын табуға талпынуда. Толықтай бақытты болу үшін қажетті 8 тармақты (денсаулық, отбасы, достар, хобби, жеке даму, демалыс, қаржы, жұмыс) қамтимыз деп жүріп, жанымыздағы жақсы адамдардың қадіріне жете бермейміз. Себебі, уақыт тапшы. Сондай бір олқылық орны алмау үшін дереу алғыс хат жазуды жөн көрдім.

Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының бас маманы Уали Бекдос есімді азаматқа шын жүректен алғысымды жеткізгім келеді.  Адамнан адамды биік қылатын адамгершілік, адалдық, еңбек сүйгіштік сынды асыл қасиеттер бір бойынан табылған арда азаматқа отбасымызбен ризамыз. Үй салуда туындаған мәселелер бойынша көмек сұраған едік, көп күттірмей қиналған кезімізде үлкен қолдау көрсетті. Құжаттарды дұрыс рәсімдеуге қатысты айтқан кеңестерінің арқасында көп уақыт бойы қалай жасалуын білмей жүрген сұрақтарымызға нақты жауабын алдық. Қарапайымдылығы мен кішіпейілділігі бір төбе. Өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын нағыз маман. Осындай азаматтарымыз арқылы халықтың тұрмысы жақсарып, еліміздің абыройы асқақтары анық.  «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, игі іс елеусіз қалмауы керек. Ертеден келе жатқан дәстүр бойынша, ұрпаққа үлгі қылу мақсатында өнегелі азаматтарды дәріптеп, мерейін асырғанымыз жөн.

Жақсы адамдарды күнге теңеуге болатын шығар жақсылықтарының қарымтасын күтпей есепсіз сәулесімен жылытатын. Сондай жанымызда жүрген жақсы адам Уали Бекдос халықтың батасын тыңдап, алғысын алып, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!

Гүлнұр Сәлімбай, Алматы қаласының тұрғыны

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here