Жас зерттеушілерді ынталандыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар

0
2352

Абай атындағы ҚазҰПУ тәжірибесіне сүйене отырып жас зерттеушілердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру, отандық ғылымды, жоғары білімді дамыту үшін елімізде қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын жазды өзінің Facebook парақшасында аталған университеттің ректоры Такир Балықбаев.

Ректор алдымен бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылғандығын атап өтті. Мәселен, 2019 жылғы 21 мамырда ҚР БҒМ барлық республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары басшыларының қатысуымен «Жоғары білім мен ғылымның интеграциясы» ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияның қорытындысы – 2020 жылға арналған университет грантын алу үшін Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары мен ғалымдарының және еліміздің ғылыми ұйымдары қызметкерлерінің бірлескен ғылыми жобалар конкурсын өткізу туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде университет қаражаты есебінен республикалық Ғылыми зерттеу институтымен 15 интеграциялық жобаға 50 млн теңге бөлінді.

«Бірлескен жұмыс нәтижесінде 98 ғылыми жұмыс жарияланды: Scopus WoS базасына кіретін шетелдік журналдарда 14 мақала, РИНЦ базасына кіретін ресейлік журналдарда 5 мақала, БҒСҚК ұсынған журналдарда 20 мақала, ҚР басқа журналдарында 27 мақала, 30 конференция тезисі, 1 оқу – әдістемелік құрал, 1 монография. Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдарымен интеграциялау бойынша үздік және перспективалы зерттеу жұмыстары 2021 жылы ұзартылатын болады» деп нақтылады Такир Оспанұлы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here