Ақсуда Қызылжар дәрігерлік амбулаториясы пайдалануға берілді

0
815

Кеше «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының арқасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қызылжар дәрігерлік амбулаториясы қоныс тойын тойлауда.

Жобаны іске асыруға бөлінген қаражат сомасы 187,1 млн. теңгені құрайды. Жобаны Павлодар облысының құрылыс басқармасы жүзеге асырды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге «Портал-ПВ» ЖШС-мен (Павлодар қаласы) 158,7 млн. теңге сомасына шарт жасалды. Жалпы ауданы 362,82 ш.м. Бір ауысымда 50 келушіге. Қызмет көрсетілетін халық саны – 2348.

Бұл ауылдық медициналық мекеме Ақсу қалалық ауруханасына қарасты.362 шаршы метрде дәрігерлер кабинеттен бөлек, егу кабинеті, сондай-ақ күндізгі стационар бар.Жаңа ғимараттан бұрынғы Қызылжар құс фабрикасының ғимаратында болған жедел медициналық көмек бригадасына да орын табылды.

2013 жылдан бастап Ақсу ауылдық аймағында осындай бес типтік дәрігерлік амбулатория салынған. Келесі жылы Мамаит Омаров атындағы ауылдық округте дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу жоспарлануда.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here