Қарағандыда 14-ші Президенттік олимпиада қорытындыланды

0
444

Қарағандыда екі күнге жалғасқан Президенттік олимпиада қорытындыланды. Онда жүзден жүйрік шыққан қатысушыларға білім гранттары мен жүлделі орындар табысталды. Айтулы шара биыл Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды

Олимпиаданы Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізді. Оған бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған мектеп түлектері бақ сынады. Іс-шараның жабылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары қатысып, құттықтау тіліегін жеткізді.

Абзал НҮКЕНОВ, облыс әкімінің орынбасары:
– Құрметті Президенттік олимпиадаға қатысушы жастар сіздер үшін бұл үлкен даңғыл жол. Сіздер еліміздің кемелді ұрпақтарысыздар. Ел болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Осы айтулы мерекенің бірден-бір жетістігі-жарқын ойлы, білімді жастар. Барлықтарыңызды бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймын.

Әрбір үміткер барлық кезеңдерде төрт пән – математика, физика, химия және биология бойынша тапсырмаларды орындаған. Олимпиадаға Қазақстанның барлық облысынан 182 адам қатысады. Олардың арасынан топ жарып шыққан Төлеген Мәлік. Ол Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы. Болашақта инженер болуды мақсат тұтып отыр.

Төлеген МӘЛІК, Президенттік олимпиаданың грант иегері:
– Біздің жеңіп алған гранттарымызбен Қазақстанда және шетел мемлекеттерінде оқуға мүмкіндік бар. Бірақ мен әлі толық ой елегінен өткіземін. Осы қазір біз тұрған Қарағанды университеті де білім базасы жағынан ең мықты жоғарғы оқу орындарына жатады.

Білім додасында грант жеңіп алған жас өрендер енді Қазақстанда немесе шетелде қалаған жоғарғы оқу орынында оқи алады. Сондай-ақ, қола медаль жалған жеткіншектерге ғылым және білім министрлігінің медальдары мен алғыс хаттары табысталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here