Тәуелсіздік құрдасы

0
2352

Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде Қазақстанның спорттағы қол жеткізген табыстары аз емес. Егемен елдің спорттағы жетістіктерін еселеп жүргендердің қатарында тәуелсіздікпен тел өсіп келе жатқан саңлақтарымыз да бар. Солардың бірі Жанғали Нұрдәулетов.

Жанғали Нұрдәулетов – самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы жаттықтырушы, самбо және дзюдодан  ұлттық дәрежедегі төреші.

Тәуелсіздікпен түйдей құрдас Жанғали жастайынан өмірін спортпен байланыстырып, біршама жетістіктерге жеткен. «Тәуелсіздік құрдасы болу – үлкен жауапкершілікті жүктейді», – дейді ол.

Салауатты өмір салтын жанына серік еткен спортшы ауыл жастарын спортқа тартып, көк туды шетелдерде көтеруді мақсат еткен. Осы бағытта 7 жылдан бері дзюдо мен самбо күресінен жеңімпаздарды дайындап, жаттықтырып жүр. Шәкірттерінің арасынан осы күнге дейін бірнеше ел біріншілігінің чемпиондары, 10-нан астам халықаралық турнирдің жеңімпаздары шықты. Қазір 9-18 жас аралығындағы 30 жасөспірімді додаға қосу үшін еңбектеніп жатыр. Айтуынша, Қазақстанның өзге елдермен иық тірестіре түрлі жетістікке жетіп, белестерді бағындыруы – тәу етер Тәуелсіздіктің арқасы. Бүгінде өзінің туған жылын осы қасиетті ұлық мерекемен байланыстырып мақтанады.

Жанғали Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында өмірге келген. Шетпедегі Берекет Жұмалиев атындағы орта мектептің, Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің түлегі. Отбасындағы 4 баланың кенжесі. Әкесі Нұрболат Нәрдәулетов мәдениет саласының үздігі, анасы тігіншілікпен айналысады. Ол спортпен 7-сыныпта жүргенде айналыса бастаған. Бапкері – Манарбек Бисекенов. Бүгінде Жанғали үш бала тәрбиелеп отырған әке, жолдасы – мұғалім.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here