20-24 желтоқсан күндері Білім мазмұнын дамыту институтының ұйымдастырумен орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған «Ғылыми жоба жазудың тиімді тәсілдері» тақырыбында курс өтті. Курсқа Алматы қаласы мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан мұғалімдер қатысты.
Аталған курсты «Болашақ» бағдарламасының түлегі, филология ғылымдарының кандидаты, «Академиялық жазылым» еңбегінің авторы Еділбай Оспанов жүргізді.
Спикер мұғалімдерге ғылыми жоба әзірлеу, ғылыми жобаны жоспарлау, тақырып таңдау, зерттеу жүргізудегі негізгі әдістер бойынша бағыт берді. Курс соңында қатысушыларға сертификат табысталды.