Ескі мәселеге жаңа көзқарас

0
954

Өткен аптада Елордаға әр өңірден жиналған шаруалар ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің отставкаға кетуін талап етті. Алайда, сол шаруалармен мәмілеге келгенін алға тартқан министр әр малдың жеке сәйкестендіру нөмірі болатынын, субсидия тек адал кәсіпкерлерге ғана берілетінін айтты.

Ербол Шырақпайұлының сөзінше, енді субсидия беруде қағазбастылық жойылып, ел қазынасынан бөлінетін қыруар қаржы тек шаруаны дөңгелететін қожалықтарға ғана беріледі. Сондай-ақ, ветеринария саласы толық цифрландырылып, малдарға жеке сәйкестендіру нөмірі беріле бастайды. Сырғаның орнына арнайы чип мал терісінің астында орналасады. Ал, ветеринарлар төрт түлік туралы ақпаратты мобильді қосымша арқылы қарай алады.

«Жануарда адамның жеке сәйкестендіру нөмірі сияқты бір ғана сәйкестендіру нөмірі болады деп болжануда. Ол жануардың өмірлік циклінің бүкіл кезеңінде тері астындағы чипте орналасады. Келесі жылы толық пысықталғаннан кейін оны 2023 жылдан бастап республика бойынша кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отырмыз», – деп түсіндірді 45 жастағы министр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here