Газель сияқты көліктер бойынша салық мөлшерлемелері төмендетілді

0
982

Жүк сыйымдылығы газель секілді аз автокөліктердің салық мөлшерлемесіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрын жүк газельдерінің иелері салықты қозғалтқышының көлеміне байланысты жеңіл автомобильдер ретінде төлеген. Салық кодексіне енген толықтыруларға сәйкес газельдер сияқты жүк көліктері үшін салық сомасы жүк көтергіштігіне байланысты есептеледі. Бұл өзгеріс салық сомасын орта есеппен 30-50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Мәселен, қозғалтқышының көлемі 2 500-ден 3 000 текше сантиметрге дейінгі және жүк көтергіштігі 1,5 тоннаға дейінгі жүк фургондарының иелері үшін салық сомасы 2021 жылы орта есеппен 26-30 мың теңгеден 14,6 мың теңгеге дейін төмендейді.

Бұл өзгеріс 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген. Дегенмен, жүргізушілер 2021 жылдың көлік салығын биыл төлейді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here