Үлескерлердің мойнындағы тәуекелді азайтатын «Қазтізілім» жүйесі іске қосылады

0
844

Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев үлескерлердің мойнындағы тәуекелді азайтатын «Қазтізілім» жүйесі іске қосылатынын айтты.

«Үлестік қатысу шарттарын есепке алу үшін «Қазтізілім» енгізілді. Ол жосықсыз құрылыс салушылардан үлестік құрылыс бойынша тұрғын үй сатып алу қауіп-қатерін барынша азайтады. Маркетплейс онлайн-платформасында нарықта компаниялар құрылыс материалдарын өндірушілерден делдалсыз тікелей сатып ала алады», – деді ведомство басшысы.

Қайырбек Айтбайұлының айтуынша, «Е-Шаңырақ» платформасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің бірыңғай жүйесі ретінде жұмыс істемек. Бұл тұрғын үй қорын басқарудың ашықтығын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына мониторинг пен талдауды қамтамасыз етеді деген есеп бар. Жалпы, саланы цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шаралар бюрократияны төмендетеді және құрылыстағы рәсімдерді жеңілдетеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here