Алматы қаласындағы алма бақтарға қатысты департамент түсініктеме берді

0
1168

Әлеуметтік желіде тараған әңгіменің аққарасын Алматы қаласының жер ресурстарын басқару департаменті ажыратып, қаладағы алма бақтарға қатысты төмендегідей түсініктеме берді:

2004 жылы «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС Қарасай ауданы аумағынан (кейін Алматы шегіне енген) тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін көлемі 884,9 га жер учаскесіне меншік құқығын алған. Бұл құқық аудан әкімінің шешімімен (2004 ж. маусым) берілген.

Алматы қаласының жер қатынастары басқармасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі бөлу туралы қорытындысы мен 2015 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығы негізінде аталған жер учаскесі 16 учаскеге бөлініп, жаңа кадастрлық нөмірлері берілген.

Бұл жер учаскесі арқылы Керенқұлақ өзені мен Берқара өзені ағып жатқанын атап өту маңызды. ҚР Жер кодексінің (2004 жылы қолданыста болған) 132 және 133-баптарына сәйкес су қорының жерлері мемлекеттік меншік болып табылады және тиісті органдардың келісімдерімен уақытша пайдалануға ғана берілуі мүмкін.

Осыған сәйкес, Қарасай ауданының жергілікті атқарушы органымен аталған жер учаскесін беру кезінде кезде су айдындары алып жатқан жерлерді беруге тыйым салу бөлігінде жер заңнамасының нормалары ескерілмеген деп пайымдаймыз.

Қазіргі уақытта, Алматы қаласының прокуратурасымен «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС мен «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» ММ-не мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талап арыз өндіріске қабылданды (2024 жылғы 10 қазандағы ұйғарым).

Мемлекеттік органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жер заңнамасының міндеттерінің бірі болып табылатындықтан, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің барлық нормаларын сақтау қажет деп санаймыз.

Алматы қаласының жер ресурстарын басқару департаменті

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here