Жаңа Қазақстанның жаңа тарихын бірге жазайық!

0
1274

Қазақстанда жеке тұлғалардың, азаматтардың ойы, пікірі, олардың құқығы басты орынға қойылатын мемлекеттік жүйе құрылайын деп жатыр. Жаңа Қазақстанда, Екінші Республикада өзінің қабілеті, ойы, пікірі бар азаматтардың мақсаты болса, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, іске асырады деген сөз.

Құқық пен бостандық бірінші орында, олар Жаңа Қазақстанды құрудың негізі. Қаңтар оқиғасына әкеліп соқтырған, салдарынан Ел Тәуелсіздігінен айырылып қала жаздаған «Елбасы» саяси жүйесінің идеологиясына баға беруіміз керек.

Біз Конституцияны өзгерту не жаңа Конституция қабылдау туралы референдум өткізуге бастамашы боламыз. Бұл мәселені билік көзі ретінде халық өзі шешуі керек. Егер бұл мәселені Президент Тоқаев көтерсе, біз қолдаймыз.

Қадірлі Отандастар, Жаңа Қазақстанның жаңа тарихын бірге жазатын, бірге ортақ шешім қабылдайтын, бірге талқылайтын сәт келді. Сондықтан референдумға бәріміз бір адамдай белсенді түрде қатысып, азаматтық позициямызды, ой-пікірімізді айтып, Қазақстан Республикасының Ата Заңын бірге жазайық!

Руслан ХАМЗА,
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі Ұлттық орталығының
атқарушы директоры, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

АТЫРАУ ҚАЛАСЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here