«Алматы жастарына» 11 мыңнан аса алматылық құжат тапсырды

0
655

Кеше, 1 маусым сағат 23:59-да «Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау аяқталды. Жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама сайтында өтініштер мен құжаттарды беру электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылды. Оған қатысу үшін 11 199 өтінім берілді. Өтініштердің басым бөлігі білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала мен ішкі істер органдарының қызметкерлерінен түсті.

2 маусымнан бастап бүкіл өтініштер жүктеледі. Бұдан әрі 20 жұмыс күні ішінде келіп түскен өтініштердің бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріліп, әр санатта жиналған балл санымен тізім құралады.

Берілетін қарыздың ең жоғарғы шегі – 18 млн теңгеге дейін, пайыздық мөлшері – 5%, бастапқы жарнасы – 10%. Бұл бағдарламамен бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алуға болады. Биыл аталған бағдарламамен 1 000 адамды қамту жоспарланған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here