Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университеттің 85 жылдығы аталып өтті

0
2333

Мерейлі мерекеге арналған апталықтың жарқын сәттерінің бірі – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университеттің 85 жылдығына арналған үлкен мерейтойлық концерт болды. Сахнада ең жылы сөздер айтылып, ең әдемі әуендер шырқалды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бейнеқұттықтау жолдап, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың құттықтау хатын оның орынбасары Ринат Мұхамедқали оқып берді.

– Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, егер адамдарға басты байлық денсаулық болса, ал жанның басты байлығы – білім мен өнер. Атақты ғалым және ұстаздың есімін мақтанышпен алып жүрген университет оның мұрасын лайықты сақтап, идеяларын жалғастырып келеді! – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова университетті жеке құттықтап, оқу орнына одан әрі өркендеуіне және биік жетістіктерге жете беруіне тілек білдірді.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышбаев барлық айтылған құттықтау лебіздері үшін алғыс білдіріп, 85 жыл – жай ғана мереке емес, біздің аймақ үшін маңызды оқиғалар мен жетістіктерге толы бай тарих екенін атап өтті.

– Қазіргі таңда Қостанай өңірлік университеті – аймақтағы ең ірі көпсалалы оқу орны. Жыл сайын академиялық ұтқырлықты кеңейтіп, инновациялық әдістерді енгізе отырып, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлап келеміз, – деп сөз сөйледі.

Мерейтойлық іс-шара университет қызметкерлерінің көрнекті жетістіктерін атап өтуге тамаша мүмкіндік болды. Олар облыстық және республикалық деңгейде марапатталды.

Университеттің шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама әр көрерменнің көңілінен шығып, ерекше әсер қалдырды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here