Жылыту маусымына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0
1162

14 қазанда Жамбыл облысының Меркі ауданында «Birgemiz: Umit» жалпыұлттық жобасы аясында «Merki еriktileri» волонтерлар қозғалысы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ және Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №9 Өрт сөндіру бөлімшесінің қатысумен жылыту маусымына байланысты тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ауданымызда өрттің және тұрғындар арасында газбен уланудың алдын алу мақсатында халықпен тұрақты түрде өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл – жылыту маусымына дайындық кезеңінің басым бағыттарының бірі.

Шара барысында аудан тұрғындарына газ қондырғылары мен аспаптарын қолдану ережелері, қауіпсіздік шаралары жан-жақты түсіндіріліп, арнайы дайындалған 235 бүктеме таратылды. Түсіндірме жұмысына қатысқандар 235 үйді аралап, аудан тұрғындарын жылу беру маусымында барлық сақтық шараларды сақтауға шақырды.

Жылыту кезеңінде қауіпсіздік шараларының, оны түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Өйткені, от бұл игілік те, апат та екенін естен шығаруға болмайды. Сондықтан сала мамандары меркіліктерден қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Волонтерлік қызмет туралы» Заңдарын іске асыру, жазатайым жағдайлардың, улы газдан уланудың алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтау, өртке қарсы шараларды қолдану болып табылады.

Мадияр ЖОЛДАСҰЛЫ,
Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің
«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
жастар ісі жөніндегі инспекторы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here