Алматыда тегін заң кеңесін қайдан алуға болады?

0
1670

Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындау бойынша Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы шеңберінде «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігімен Алматы қаласында (МИБ, ТКШ, Халықты әлеуметтік қорғау және т.б.) азаматтар үшін тегін заң консультациясын қамтамасыз ету орталығы ашылды.

Аталған орталықта тәжірибелі заңгерлер өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде бірыңғай тұрақты «жедел желі» жұмысы;
  • Айына кемінде екі рет барлық аудандарда жылжымалы мобильді заң кеңесі қызметі жұмысы (базарларда, емханаларда, сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және т.б.);
  • Азаматтардың құжаттарын (өтініш, талап және т.б.) дайындауға әдістемелік көмек көрсету және соттарда халықтың әлеуметтік осал топтарының (мүгедектер, зейнеткерлер, жалғызбасты аналар және т.б.) істерін жүргізу;
  • Орталыққа келушілерге заң мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету, сондай-ақ телефон, электрондық пошта арқылы және «Онлайн кеңесші» 24/7 интерактивті модулінің көмегімен орталық сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде консультациялар жүргізу.

Мекенжайы: Медеу ауданы, М. Мақатаев көшесі, 47, «Партнер» бизнес орталығы, 5 қабат, 508 кабинет.

Байланыс тел.: +7 707 672 1779

Электрондық пошта: zan.kenesi@mail.ru

Instagram аккаунт: @zan.kenesi

Телеграмм бот: @zan_kenesi

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here