Қаратауда жалған нөмірі бар жүргізуші ұсталды

0
147

Ағымдағы жылдың 31 қазанында сағат 15:00 шамасында Қаратау қаласында «Toyota camry» маркалы көлік құралын тыйым салынған жерге тұраққа қойғаны үшін Байзақ ауданының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Патрульдік полиция инспекторларының тексеру барысында   алдыңғы бүйір әйнектерiн қараңғылау және жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдалану түріндегі құқық бұзушылықтарды анықтады.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-тармағымен (жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау), 590-бабы 3, 4, 5-тармақтарымен (көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттамалар жасалды.

Талас аудандық сотының шешімімен құқық бұзушы көлік құралын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айырылып, 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі тәркіленді, автокөлік айып тұрағына қойылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here