Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды

0
169

Бұған дейін солтүстіктегі Павлодар облысын басқарған Әбілқайыр Ысқақов Екібастұздағы жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары қақаған аязда бірнеше күн бойы жылусыз қалғаннан кейін Президент Жарлығымен 1 желтоқсанда қызметінен босатылды. Аймақ басшысы міндетін уақытша облыс әкімінің орынбасары Олег Крук атқарды.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, өңірдің барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысты. Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының өңір әкімі лауазымына Асайын Байханов пен Серік Батырғожинов кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқыды. Ашық дауыс беру кезінде 177 депутаттың 135-і – Асайын Қуандықұлына, 42-сі – Серік Барлыбайұлына дауыс берді.

Сөйтіп, облыс тізгінін 45 жастағы Асайын Байханов ұстады. Баянауыл тумасы. Сырттан келген кадр емес. Жаңа тағайындауға дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар қаласының әкімі болды. Яғни, солтүстіктегі облыстың ішкі мәселелерін бір кісідей білуге тиісті. Бүгін Президент үкімет пен жергілікті билікке Екібастұз бен өзге елді мекендердегі күрделі ахуалды түбегейлі өзгерту мақсатында нақты шешімдер қабылдауды тапсырды. Демек, Асайын Қуандықұлына артылған жауапкершілік жүгі ауыр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here