Өзбекстаннан келген оқытушылар тағылымдамадан өтіп жатыр

0
1034

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтында бекітілген бағдарламаға сәйкес Мукими атындағы Қоқанд мемлекеттік педагогикалық институтынан келген тағылымдамадан өтушілерге жоспарланған іс-шаралар өтуде.

5 желтоқсаннан бастап келесідей тақырыптарда дәрістер өткізілуде:

– Оқыту мен оқудағы инновациялық амалдар, Бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі Жумабаева А.Е.;

– Педагогика және психология институтының зерттеудегі басым бағыттар, Педагогика және психология институтының директоры Абаева Г.А.;

– Педагогтың іс-әрекетіндегі интербелсенді әдістер және цифрлық ресурстар, Педагогика және психология институтының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі директор орынбасары Абсатова М.А.;

– Арнайы педагогиканың негіздері, Арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі Аутаева А.Н.;

– Заманауи оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін диагностикалау және дамытуға инновациялық амалдар, профессор Сатова А.К.;

– Қазақстан республикасындағы жоғары білім беру менеджменті: дамытудың тенденциялары мен стартегиялары, Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Көшербаева А.Н.

Сонымен қатар, тағылымдамадан өтушілердің сұранысы бойынша аға оқытушы Жанкушков Б.О. «ЖОО кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here