«Sagadat Batyr» спорт клубы үздік жас спортшыларды марапаттады

0
2097

Кеше, 25 желтоқсанда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында «Sagadat Batyr» спорт клубы биылғы жылдың есебін беріп, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған жас спортшыларды марапаттады.

Батыр есімін алған спорт клубының жылжабар кешіне Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat Batyr» спорт клубының президенті, Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Алматы облысының Құрметті азаматы Ерболат Тұрымбетов, «Қазақстан барысы» турнирінің алғашқы жеңімпазы Ұлан Рысқұл, Алматы облысы Жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кенешев, Жамбыл ауданының мәслихат депутаты Балжан Досалы, Қарасай ауданының мәслихат депутаты Бекжан Сүнбеков, Іле аудандық мәслихат депутаттары Бауыржан Ысқақ пен Нұрлан Түймелиев, Алматы облысы әкімінің бас инспекторы Әсемгүл Мұсағұлова, «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалына қарасты «Жастар рухы» жастар қанатының төрайымы Әсел Заирова және «Sagadat Batyr» спорт клубының негізін қалаған бапкер, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Орынбасаров қатысты.

Шараға жиналғандар алдымен әскери институт ауласында орналасқан Сағадат Нұрмағамбетовтың бюстіне гүл шоқтарын қойып, батырдың рухына тағзым етті. Содан кейін жас спортшылар әскери институт мұражайымен танысты.

Алғашқы сөзді алған Ерболат Сапарұлы «Sagadat Batyr» спорт клубының биылғы жетістіктеріне тоқталып, бапкерлер мен ата-аналарға өзінің алғысын айтты.

«Жыл үздігі» номинациясымен Нұрай Алтынбек, Санжар Әбуханов, Алан Хан, Әсима Қайырбек, Нұртілек Маршалхан, Имранәли Кәрімжанов, Дастан Жолдасхан, «Жыл жаңалығы» номинациясымен Адина Болатова, Сара Серікболқызы, Әбдурахман Делдикбаев, Ильяс Харунұлы, Хамза Амантай, Георгий Сим, Кәрім Нұрлан, Аюб Гадаев, Айару Сымбат, Әли Тілеуғожинов, Эльяр Рустамов, Ақтілек Маршалхан, Роллан Нұрлан, Айдар Болыс, Аслан Жүсіпбек, Тимур Рахматвой, Еркебұлан Сатыбалды, «Жыл сабмишні» номинациясымен Кәусар Тоқтамбай, Иса Серікболұлы, Айдар Болат, Амир Рахматвой, Ибрагим Асылбеков, Жарқын Тоқтасын, Райымбек Елубаев, Әмірәли Әбілқай, Мұхаммед Болшабек, «Еңбекқор спортшы» номинациясымен Ғазиза Әбуханова, Медина Қамбар, Арсен Иргалиев, Аяулым Мерекеқызы, Хадиджа Арманқызы, Жұлдыз Тезекбаева, Владимир Ермошкин, Шыңғыс Аблюкат, Арлан Тілеуғожинов, Салтанат Сабыржан, Қазбек Тәжібай, Сұлтанбек Мирас, Нұрбол Оразақын, Мадияр Бегімбек, Айдос Айтмұрат, Дидар Ханқожа, Фёдор Алиеев марапатталды.

Ата-аналар арасынан сөз алған запастағы полковник Ғани Жұмағұлов та клуб пен оның бапкерлеріне өзінің жылы лебізін білдірді.

Алматы облысы Жастар ресурстық орталығының Алғыс хатымен «Sagadat Batyr» спорт клубының бапкерлері Самат Мұратұлы, Жандос Жангелдіұлы, Елжан Елтайұлы, Нұртуған Жұмабайұлы, Диас Айдарұлы, Олжас Досымжанұлы, Санжар Айдарұлы және Мақсат Мұратұлы марапатталды.

«Sagadat Batyr» спорт клубының жүйелі жүргізген жұмысының нәтижесінде биыл жеткен жетістіктері сараланған кеште патриоттық әндер де шырқалды. Ал, патриоттық бағытта өткен әдемі кештің шымылдығы аталған клубтың әнұранына айналған «Ертолғау» әнімен жабылды. Оны джиу-джитсудан алты дүркін әлем чемпионы, грэпплингтен әлем чемпионы, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Алматы облысы әкімінің «Заңғар» жастар сыйлығының «Үздік спортшы» номинациясының иегері, «Sagadat Batyr» спорт клубының даңқты спортшысы Жібек Құлымбетова орындады.

Айта кетейік, «Sagadat Batyr» спорт клубының Алматы қаласында, Жетісу, Алматы облыстарында жаттығу залдары бар. Сонда әр жастағы 800-дей спортшы жаттығады. Кешегі шара Балалар жылына орай ұйымдастырылғандықтан, онда 15 жасқа дейінгі үздік балаларға құрмет көрсетілді.

«QAZAQ-АҚПАРАТ»

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here