Түркия астанасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақ пен ескерткіш ашылды

0
846

Түркия астанасы Анкара қаласында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақ пен Ұлт ұстазының ескерткіші ашылды. Қазақ ғұламасының 150 жылдығына орайластырылған шараға дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, қазақ диаспорасы қатысты.

Саябақтың аумағына ондаған ағаш егіліп, тұрғындардың демалуына арналған самалжайлар мен спорттық алаңдар орнатылған. Ал, қола мен граниттен жасалған ескерткіштің жалпы биіктігі 4 метр. Енді қала тұрғындары алаңды бойлай келе қазақ ағартушысының өмірі мен шығармаларымен таныса алады. Мүсіннің авторлары белгілі сәулетшілер Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here