Жаңартылған заң жобасы наурызда қоғам назарына ұсынылады

0
598

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері мен журналистер кейбір БАҚ «тілшілер құқығын шектейді» деп санайтын «Масс-медиа» заң жобасын талқылады. Бұл туралы Ұлттық медиа қауымдастығының төрағасы Кемелбек Ойшыбаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бүгін «Масс медиа» заң жобасының талқылауын өткіздік. Соңғы кезде БАҚ-тарда және әлеуметтік желілерде осы заң жобасына қатысты көптеген ой-пікір жарияланды. Көтеріліп жатқан сұрақтардың жауаптарын нақтылап, барлығына түсінікті болуы үшін, түрлі бұрмалауларды доғару үшін Ұлттық медиа қауымдастық конференция өткізуді ұсынды», – деп нақтылады Кемелбек Ойшыбаев.

Ұлттық медиа қауымдастығы төрағасының айтуынша, конференцияда бірінші қаралған мәселе заң жобасында көздел-ген БАҚ пен журналистерге төтенше жағдай кезінде материалдарды уәкілетті органмен келісу талаптары болды. Көпшілік бұл талаптың орындалуы қиындылығын жеткізді, себебі материал келісілгенше, оқиға туралы деректер өзектілігін жоғалтатынын атап өтті. Осы тұрғыда ешқандай ақпараттың жоқтығы тұрғындар арасында дүрбелең тудыруы да мүмкін. Министрлік пікірлерді қабылдап, бұл тармақты жою немесе түзетулер енгізу мүмкіндігі қазір пысықталып жатыр.

Талқылау барысындағы екінші өзекті мәселе – заң жобасынан БАҚ пен журналистерге материалды теріске шығару, алып тастау немесе өзгерту үшін талап қою шарттарына уақыт жағынан шектеу қою сұрағы болды. Бұл туралы пункт заң жобасынан алынып тасталғаны дұрыс емес екенін жеткізді.

Журналистерге арналған баспасөз картасын енгізу мәселесі талқыланған кезде түрлі пікірлер айтылды. Талқылаудың нәтижесінде қатысушылар пресс картаның берілу және кері қайтарып алу рәсімдері журналистердің жұмысына кедергі келтірмеуі үшін халықаралық тәжірибені ескере жасау қажеттілігіне назар аударды.

Жаңартылған заң жобасын министрлік наурыз айының басында қоғам назарына ұсынады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here