Banwa Private Island – әлемдегі ең қымбат курорт

0
1552

2019 жылы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Филиппинде әлемдегі ең қымбат курорт ашылды. «Banwa Private Island» деген атау алған жаңа курорт Тынық мұхитының Азия жағалауында орналасқан Палаван архипелагындағы тұтас аралды алып жатыр.

127 жылдық тарихы бар «Daily Mail» британ газетінің мәліметінше, жаңа курортқа туристер ел астанасы Маниладан әуе жолдары арқылы жетеді. Тоғыз орындық гидроұшақпен ұшу құны 990 долларды (445 мың теңге) құрайды. Ал, тікұшақтың құны 11 мың доллардан (4,9 млн теңге) басталады.

Әлемдегі ең қымбат курорт алты вилладан тұрады, онда тұру құны тәулігіне 100 мың долларға (45 млн теңге) жетеді. Яғни, қалталы туристердің алаңсыз демалуына барлық жағдай жасалған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here