Жоғарылатылған шәкіртақы

0
650

Емтихан сессиясының нәтижелері бойынша барлық пәнді тек үздік бағаға тапсырған студенттердің шәкіртақысына 15% қосылады.

Жоғарылатылған шәкіртақы мөлшері:

  • колледждер мен кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері – 24 090 теңге;
  • ЖОО студенттері – 42 159 теңге;
  • педагогика бағытында білім алатын студенттер – 67 620 теңге;
  • денсаулық сақтау бағытында білім алатын студенттер – 67 620 теңге;
  • интерндер – 76 363 теңге;
  • магистранттар – 100 035 теңге;
  • «Назарбаев университеті» АҚ магистранттары – 186 875 теңге;
  • докторанттар – 224 250 теңге;
  • денсаулық сақтау бағытындағы резидент-дәрігерлер мен магистранттар – 115 041 теңге.

Белгілі бір әлеуметтік топтарға жататын студенттерге де (мүгедектер, жетімдер және т.б.) жоғары шәкіртақының бірнеше түрі қарастырылған:

  • көру және есту қабілеті жағынан мүгедектігі бар студенттер – 75%, колледждер мен кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері – 36 659 теңге, ЖОО студенттері – 64 155 теңге;
  • Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілгендер – 50%, колледждер мен кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері – 31 422 теңге, ЖОО студенттері – 54 990 теңге;
  • жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қамқорлығындағы балалар – 30%, колледждер мен кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері – 27 232 теңге, ЖОО студенттері – 47 658 теңге алады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here