Жүлде қоры 8,3 млн теңгені құрайтын байқау жарияланды

0
637

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ұйымдастыруымен 6-7 маусым күндері Алматыда қыздар арасында Құранды жатқа оқудан ІІІ республикалық байқау өтеді. Жарысқа қатысушылар Құранның 30, 20, 10 және 5 пара номинациялары бойынша бақ сынайды. Жалпы жүлде 8,3 млн теңгені құрайды.

Құранды толықтай жатқа оқу бойынша:

  • 1-орын – 1,5 млн теңге;
  • 2-орын – 1,2 млн теңге;
  • 3-орын – 1 млн теңге.

Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша:

  • 1-орын – 1 млн теңге;
  • 2-орын – 800 мың теңге;
  • 3-орын – 600 мың теңге.

Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:

  • 1-орын – 600 мың теңге;
  • 2-орын – 400 мың теңге;
  • 3-орын – 300 мың теңге.

Құранның 5 парасын жатқа оқу бойынша:

  • 1-орын – 400 мың теңге;
  • 2-орын – 300 мың теңге;
  • 3-орын – 200 мың теңге.

Үміткерлердің құжаты 15 мамырға дейін қабылданады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • 30 жастан аспаған ҚР азаматшасы;
  • әр номинацияда талап етілетін параларды толық жаттауы, яғни екі жерден жарты-жарты параны біріктіріп ұсынуға болмайды;
  • жарысқа қатысу құжаттарын ұйымдастырушылар белгілеген мерзімде тапсыруы;
  • үміткер өз облысында өткізілетін алдын ала іріктеу сайысында I орын алған жағдайда жарысқа жолдама ала алады;
  • әр облыстан бір номинацияға бір үміткер ұсынылады (барлығы 4 үміткер);
  • іріктеуден өткен үміткер номинациясын ауыстыра алмайды;
  • ақтық сайысқа келген үміткер жарысқа қатысудан бас тарта алмайды;
  • Құранды толықтай жатқа оқу номинациясы бойынша республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын (1 орын) алмаған болуы керек;
  • 2022 жылғы IІ республикалық Құран жарысындағы 5-10 және 20 паралары бойынша жеңімпаздар (1 орын) тек жоғары номинацияларға ғана қатыса алады.

Талап етілетін құжаттар:

  • анкета (бекітілген үлгі бойынша);
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • 1-орын сертификатының көшірмесі;
  • ҚМДБ-ның өңірдегі өкіл имамының ұсыныс хаты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here