Түрік ривьерасы күн, құм, жағажайымен тартымды

0
1449

Түркияның Жерорта теңізінің жағалауын «Түрік ривьерасы» деп бекер атамайды. Ел іші мен шекара сыртынан жыл сайын миллиондаған туристің сүйікті мекеніне айналған Жерорта теңізінің аймағы жағажай, құм және Күнімен ғана емес, салт-дәстүрімен, тамырын тереңге тартқан тарихымен, мәдениетімен тартымды.

Келушілерге демалыспен қатар түрлі шара ұсынатын Түрік ривьерасы саяхаттың саналуан қырын меңгерген. Жерорта теңізі дегенде ең алдымен Анталья келеді көз алдына. Өзінің 229 жағажайымен, тарихи мекендерімен, тіл үйіретін тағамдарымен, Жұмаққа айналған табиғатымен, спорттық шараларымен орны бөлек Антальяны тұрақты демалыс орнына айналдырғандар көп.

Туристерді баурап алған Караин, Дамлаташ, Дим орналасқан жерлердің сұлулығы таңдай қақтырады. Анталья маңында әлемдегі ең керемет жаяу жүргінші жолы бар. Мысалы, Писидияның мирас соқпағы, Ликия соқпағы, қасиетті Павл жолы.

Антальядағы Каш ауданы әлемдегі ең керемет 10 дайвинг мекенінің бірі ретінде танымал. Осы ауданда парагладайвинг, су спортының басқа түрлері туристерді қатты қызықтырады. Ал Белек өзінің әлемдік деңгейдегі гольф алаңдарымен танымал.

Түрік ривьерасының тізіміндегі Афьонкарахисар, Анталия, Бурдур, Испарта және Конья шеңберінде 16 көл бар. Сондай-ақ, Акшехир, Бурдур, Бейшехир, Эйрдир, Ковада мен Салда Travel + Leisure тарапынан «2023 жылдағы саяхат жасайтын ең үздік мекендер» қатарынан табылды. Антальяға барсаңыз, тектоникалық көлдерді, тарихи римдік ескерткіштерді тамашалайсыз.

Түркиядағы лаванданы өсіретін аймақ – Испарта көлдер алаңында орналасқан. Жерорта теңізінің саналуан сұлулығымен  қызыштыратын Испарта Тавр тауындағы бағалы тастың қалай жарқылайтынын көрсетеді.

Жерорта теңізінің гастрономиялық артықшылығы – бөлек әңгіме. Балық пен еңіз өнімдеріне басымдық берілетін тағамдарға көкөніс мол қосылады. Жергілікті шарап, күнефе мен балмұздақ та тек осы аймаққа тән.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here