Сенатор Педиатрия орталығында болды

0
1317

27 сәуір күні Сенатор Ақмарал Әлназарова Алматыдағы іссапары аясында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында болды. Ақмарал Шәріпбайқызы Педиатрия орталығының онкология, гематология, онкореанимация, сәулелі диагностика (ангиография, КТ, МРТ), кардиохирургия, кардиореанимация, урология, операциялық блок, реанимация және қарқынды терапия, клиникалық-диагностикалық  зертхана бөлімдерін  аралап көріп, клиниканың тыныс-тіршілігімен, сондай-ақ материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар, қонақтарға палаталар, қатерлі дертке шалдыққан балалар үшін ашылған инновациялық смарт-сыныбы  таныстырылды. Педиатр ретінде сенаторды реанимация бөлімшелеріндегі ауыр науқастарды емдеу шаралары, балалардың жағдайы қызықтырды.

Кездесуде балаларға медициналық көмек көрсетудегі түрлі мәселелер, Педиатрия орталығы пен жалпы еліміздегі педиатрия қызметін дамыту перспективалары талқыланды. Сенатор Педиатрия орталығы басшылығы және дәрігерлерімен кездесу   барысында балаларға медициналық көмек көрсетуде кездесетін негізгі мәселелермен жіті танысып, ақ халаттылардың  ұсыныстары мен тілектерін тыңдады.

«Өзім педиатр болғандықтан, мен үшін еліміздегі педиатрия қызметінің дамуы басты назарымда. Медициналық құрал-жабдықтар алу, заман талабына сай дамыту, қызметкерлерді оқыту, ғимараттарды жөндеу, жаңарту сынды мәселелер бүгінде көптеген мекемелерде, әсіресе балалар ауруханаларында орын алып отыр. Өз тарапымнан бұл проблемаларды талай рет көтеріп келемін және көтеремін де. Мәселелер шешілсе, бұл түптеп келгенде балалардың денсаулығын жақсартуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етері сөзсіз», деді кездесуде сенатор А.Әлназарова.

Ақмарал Әлназарова жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен 6 мыңнан астам бала емделетін орталықтың дамуына,  қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен жанкешті еңбектеріне оң баға беріп, бала денсаулығы жолында атқарып жатқан істері үшін алғысын білдірді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here