Сан-Марино – Қазақстан ойынын «Qazsport» тікелей эфирде көрсетеді

0
245

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысындағы Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Мариноға қарсы кездесуі қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды.

Сан-Марино – Қазақстан ойыны маусымның 16-сынан 17-сіне қараған түні елорда уақытымен сағат 00:35-те басталады. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Құрамалар H тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары – Словения, Дания, Солтүстік Ирландия, Финляндия.

Қазірге дейін құрамалар екі ойыннан өткізді. Қазақстандық футболшылар өз алаңында Словениядан 1:2 есебімен жеңіліп, Данияны 3:2 есебімен тізе бүктірген еді. Ал, Сан-Марино құрамасы Солтүстік Ирландия мен Словениядан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here