Басқарма мүшелері ұжым алдында оқу жылының қорытынды есебін берді

0
1229

Дүйсенбі күні «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ қызметкерлері активі мен университеттің  кәсіптік одақ комитетінің бірлескен жиыны өтті.

Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Әмірханқызы бастаған Басқарма мүшелері – Еркін Нұрсағатқызы, Закир Даниярұлы, Жанар Қасымбекқызы және «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ләззат Махайқызы барша ұжымның алдында университеттің бір жылғы жеткен жетістіктері мен қаржылық есебіне толық қорытынды есеп берді.

Ұстаздар ұстаханасының академиялық, ғылыми, стратегиялық, әлеуметтік саласында жасалған жұмыстары сараланып, қорытындыланды, алдағы жылға жоспарлары таныстырылды.

Жиын соңында Басқарма Төрағасы Гүлмира Әмірханқызы университет қызметкерлеріне жылды табысты қорытындылағаны үшін сыйақы беру туралы шешімге қол қойылғанын атап өтті. Сонымен қатар, көпбалалы университет қызметкерлеріне кәсіптік одақтың арнайы ақшалай сыйақысы табысталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here