Депутат университеттің қолды болған мүлкін қайтаруды талап етті

0
301

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Бас прокурор Берік Асыловтың атына депутаттық сауал жолдап, Алматыдағы 94 жылдық тарихы бар Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің заңсыз шыққан активтерін оқу орнына қайтаруды сұрады.

Депутаттың дерегінше, 2001-2022 жылдары 1 000 төсек-орындық 3 студенттік жатақхана, 18 828,5 шаршы метрлік 5 оқу-зертханалық корпус, 700 шаршы метрлік әкімшілік-шаруашылық ғимараттар және өзге де жылжымайтын мүлік нысандары, университет ғимараттарына іргелес шамамен 5 гектар болатын жер учаскелері, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында орналасқан оқу-тәжірибелік шаруашылығындағы 12 гектар жер учаскелері қолды болып кеткен. Мәжілісменге бұл деректерді университетінің бір топ оқытушы-ғалымы берген.

«Осы ғимараттарды иеленген заңды тұлғалар оқу корпустарының аумағында тұрғын үй кешендерін салып, студенттердің, оқытушылардың мазасын алып, жатақханаларды қонақ үй етіп қайта жабдықтаған, караоке, басқа да ойын-сауық орындарын жасап, жын-ойнаққа айналдырған. Кейбір оқу корпустарын бизнес орталықтарға айналдырған. Университет ұжымы активтерді сату немесе оларды сенімгерлік басқаруға беру туралы барлық шешімдер ректор Тілектес Есполовтың тұсында қабылданғанын жеткізіп отыр», – деді депутат.

Осы ретте Ерлан Саиров Бас прокуратураны аталған ғимараттардың мемлекет меншігіне қайтаруға және 2001-2022 жылдары оқу орнын басқарған шенеуніктердің заң алдында жауапкершілігін анықтауға шақырды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here