Енді балабақшалар мен мектептерде тегін тамақ беріледі

0
490

Қазақстанда биыл 1 қыркүйектен бастап балабақшаларда әлеуметтік осал топ санатындағы отбасы балалары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, күзде 9 өңірде – Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Қызылорда облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында бастауыш сынып балаларына да тегін тамақ беріле бастайды.

«Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында мәслихат отырысында маусым айының соңына дейін бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге қатысты бюджет бекітіледі» делінген хабарламада. 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here