105 жылдық тарихы бар «Forbes» журналының тізімінде Азияның ең бай адамы, үндістандық миллиардер Мукеш Амбани 13-орында тұр. Үндістандағы ең дәулетті «Reliance Industries» компаниясының басшысы қайырымдылықпен айналысады. Ол өз компаниясы арқылы білім беру, цифрлық сауаттылық, денсаулық сақтау салаларына және ауылдарды дамытуға инвестиция құяды.