Имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар

0
1315

Алматы облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, ҮЕҰ «Адам және қоғам» ҚБ-нің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетінде Алматы облысының имамдарына арналған «Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырудағы діни қызметкерлердің ықпалы» атты бес күндік семинар өтті.

Аталған шараға Қонаев қаласынан, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарынан келген 103 дін қызметкеріне Қайрат Құрманбаев, Түсіпхан Имаммәди, Алау Әділбаев, Тимур Нүсіпхан және өзге де білікті мамандар дәріс оқыды.

Ашылу салтанатында Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, теолог Тимур Нүсіпханұлы бес күндік семинардың ерекшелігіне тоқталып, имамдарға сәттілік тіледі.

Семинар аясында бес күнде «Қазақы жол және шариғат», «Радикалданудың алғашқы белгілері және алдын алу әдістері», «Қазіргі замандағы пікірталас тудырған діни мәселелер», «Имам Ағзам Әбу Ханифаға және ханафилерге жабылған жалаларға жауап», «Деструктивті діни ағымдардың танымы, тарихы және күніміздегі көріністері», «Муташабих аяттардың риторикалық, лингвистикалық түсіндірмесі», «Діндегі неке-талақ мәселесі», «ДДА өкілдерімен психологиялық сұхбат негіздері», «Қазақ халқының діни танымы мен матуриди сенім жүйесі: салыстырмалы талдау», «Медиа мен терроризмнің өзара байланысы» атты тақырыптарда дәріс өтті. Курс соңында қатысушыларға сертификат табысталды.

Гүлім НҰРҒАЛИЕВА,
ҮЕҰ «Адам және қоғам» қоғамдық
бірлестігінің директоры

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here