Вице-министр Жетісу және Сарыөзек гарнизондарына барды

0
542

Талдықорғанда Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаевпен кездесті. 

Екі жақ өңірдің әскери инфрақұрылымын дамытуға байланысты мәселелерді қарады. Сөз төркіні орталық сумен жабдықтау, жылыту және әскери қалашықтарды абаттандыру жайында болды. 2023-2025 жылдарға арналған Әскери объектілерді салу және күрделі жөндеу жөніндегі жол картасын іске асыру жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асырылады. Осыған байланысты генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов пен әкімнің орынбасары Әлібек Жақанбаев аталған құжат шеңберінде жобаларды іске асыруға бағытталған шаралар жоспарын талқылады. 

Қорғаныс министрінің орынбасары Жетісу және Сарыөзек гарнизондарының әскери бөлімдеріне барған кезде казармалардың, кір жуар кешендерінің және әскери инфрақұрылымның басқа да объектілерінің жай-күйін тексерді. Одан өзге асханаларды азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, оны сақтау шарттарын да тексерді. Әсіресе әскери қызметшілердің тамақтану сапасына ерекше назар аударды. Министрдің орынбасары асханада сарбаздармен қызмет барысы, тұрмыстық жағдайлар және тамақтану туралы әңгімелесті.

Қорғаныс министрінің орынбасары бастаған комиссия отын шығынын есепке алуды, жеке құрамды мүліктік және медициналық қамтамасыз етудің жайын тексерді.

Сапар соңында генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов әскерлердің қолбасшыларына, Әскери инфрақұрылым бас басқармасының бастығына, әскери бөлімдердің командирлеріне және аудандық пайдалану бөлімдерінің бастықтарына жеке құрамның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жасау, жылу беру маусымына дайындық, инфрақұрылым объектілеріне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу жөнінде тиісті нұсқаулар берді.

Қорғаныс министрі орынбасарының әскери бөлімдердің казармалық-тұрғын үй қоры мен коммуналдық құрылыстарының жағдайын тексеру мақсатындағы өңірлерге жұмыс сапарлары жалғасатын болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here