Сенатор Астанадағы қалалық емханада болды

0
354

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибигүл Жексенбай елордадағы №8 қалалық емхананың ұжымымен кездесті. Жүздесу барысында медициналық мекемені дамыту жоспарлары туралы сенаторға жан-жақты ақпарат айтылды.

Дәрігерлер қолжетімді баспана бағдарламасы, медицина қызметкерлерінің демалыс күндерінің санын ұлғайту, медициналық сақтандыру және дәрі-дәрмек бағасының өсуіне қатысты бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді.

Бибигүл Жексенбай өз кезегінде парламентшілер көтерілген барлық мәселелерді назарда ұстайтынын атап өтті және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту саласындағы Палатаның заңнамалық қызметі туралы хабардар етті.

«Жақында жаңа Әлеуметтік кодекс қабылданды. Бұл еліміздің әлеуметтік саясатын жақсартудағы маңызы зор қадам екені даусыз. Жаңа әлеуметтік саясат – Мемлекет басшысы жариялаған ауқымды өзгерістердің бірі болып табылады. Әр отбасында жаңа цифрлық картаның болуы, жұмыспен қамту саласында жаңа тәсілдерді енгізу және арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жетілдіру де сондағы жаңалықтардың ішінде. Бұл біздің отандастарымыздың өміріне де, сала қызметкерлеріне де оң әсерін тигізеді», – деп атап өтті сенатор.

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here