Қазақстанда Италия университетінің филиалы ашылады

0
692

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында италиялық жоғары оқу орнының филиалы ашылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

«Бүгін (30 маусымды айтады, – ред.) жарияланатын ең үлкен нәтиже – биыл І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің негізінде тұңғыш италиялық жоғары оқу орнының филиалы ашылады. Ол Анкано қаласындағы Politécnica delle Marche деп аталатын университет. Өте мықты агрономия, ауыл шаруашылығы саласындағы университет. Уақытында Италияда Parmalat деген атақты сүт шығаратын компания болған. Осы университет соның негізгі кадр даярлайтын және зерттеуші күші болатын. Биыл біз төрт бағдарламамен бастаймыз: агрономия, селекция, ауыл шаруашылығы және ең бастысы ауыл шаруашылығы өнімдердің технологиясы», – деді Саясат Нұрбек Ақорда кулуарында.

44 жастағы министр Италия Еуропада да, жалпы әлем бойынша да ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші ел екенін атап өтті.

«Сондықтан осы жылдан бастап ең мықты профессорлар Жетісу университетінде сабақ беретін болады. Соған қосымша La Sapienza университеті ашылады. Мен 2004 жылы соны бітіргенмін және Миланның политехникалық университетімен (Politecnico di Milano) келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қыркүйек айында Италия президентінің үлкен сапары жоспарланып отыр. Сол жерде үлкен жаңалықтарды жариялаймыз», – деп сендірді ведомство басшысы.

Айта кетейік, негізі 1969 жылы Италияның Анкано қаласында қаланған Политехникалық университет (UNIVPM). Онда 17,5 мың студент оқиды. Ауыл шаруашылығы, инженерия, экономика, медицина және биология бойынша студенттер дайындайды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here