FlyArystan 3 мыңнан астам жеңілдігі бар әуе билетін ұсынады

0
482

Қазақстандық лоукостер FlyArystan халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында өзінің коммерциялық рейстеріне жеңілдік беретін «Көмек» корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жобасын ресми түрде 2024 жылғы 1 ақпанда іске қосылатыны туралы хабарлайды.

Айта кетейік, бұған дейін әуетасымалдаушы халықтың ерекше санаттағы тобын қолдауға ниет білдірген болатын. 2023 жылдың шілдесінде FlyArystan «Көмек» корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жобасының пилоттық нұсқасын ұсынып, мынадай жеңілдіктер қарастырды:

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға, сондай-ақ оларды ертіп жүретін жолаушы үшін Қазақстан бойынша ұшуға 100% жеңілдік.

1 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін және оларды ертіп жүретін бір азаматқа Қазақстан бойынша ұшуға 50% жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ, осы екі жолаушының біреуіне 20 келі жүкті тегін тасымалдауға мүмкіндік беріледі.

80+ жас санатындағы қарт адамдарға Қазақстан ішінде ұшуға 50% жеңілдік.

2023 жылдың шілдесінде іске қосылған «Көмек» пилоттық жобасының нәтижесінде FlyArystan бүгінге дейін 3 мыңнан астам билетті жеңілдікпен ұсынды. Бұл өз кезегінде азаматтардың белгілі бір тобының жеке шаруалары бойынша да, денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында да жүріп-тұруына септігін тигізді. Бұл бастама әлеуметтік осал топтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, және де соған кедергі болатын мәселелердің санын азайтуға, авиацияның артықшылығын теңдей пайдалануға ықпал етеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here