Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолының Қызылорда қаласына кіре берісінде жаңа жолайрық ашылды

0
80

6 миллиард теңгеге жуық қаражатқа салынған айналма жолдың арқасында трасса бойындағы көлік кептелісі де азаятын болды. Одан бөлек, қалада темір жолдың үстінен өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір пайдалануға берілді. Бұл туралы Қызылорда қаласының тұрғыны Қалмұрат Рахманбердиев айтты.

«Қызылорда қаласын теміржол екіге бөледі. Қазір шойын жол маңында тұратын халық саны едәуір артқан. Ал, көпшілік бұған дейін қала орталығына қатынау үшін күніне бірнеше пойыз жүретін қауіпті темір жолдан өтуге мәжбүр болатын. Енді бұл мәселе толығымен шешімін тапты. Қаланың екі бөлігін байланыстыратын жаяу жүргіншілерге арналған көпір ел игілігіне берілді. Жоба екі эстакададан тұрады. 225 метрден құралған. Екі демалу аймағы бар. Трассаның ұзындығы 800 метрді құрайды. Жоба қазір толық бітті. Жол көлік тығынын азайтуға осы көпірдің пайдасы зор. Халықаралық трассадан күніне шамамен он мың көлік жүреді. Бұған дейін тас жолдың қалаға кіреберісі бөлігінде көлік кептелісі жиі болатын. Енді жүргізушілер дәл осы тұста сағаттап тұрмайтын болды. Одан бөлек пайдалануға берілген жолайрықтың апаттардың алдын алуға да маңызы зор», – деді Қызылорда облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here