Сенаторлар: Ғылыми зерттеулерде жас кадрлардың мүмкіндігін пайдалану аса маңызды

0
283

Сенат депутаттары Жанна Асанова мен Нурия Ниязова Философия, саясаттану және дінтану институтында болды. Депутаттар ғалымдар және академиктермен бірге еліміздегі ғылыми саланы дамытудың негізгі мәселелерін талқылады.

Пікірлесу барысында қазіргі заманғы қауіп-қатер мен мүмкіндіктерді ескере отырып, ғылымның іргелі және қолданбалы бағыттарын дамыту жайы қозғалды. Сенаторлар ғылыми ортаға жастарды тарту мәселесіне назар аударды.

«Ғылыми зерттеулерге жас кадрларды тарту олардың әлеуетін қолдау тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар елімізде отандық кадр әлеуетін қалыптастыруда жағдай жасау үшін де маңызды. Инновацияларды ынталандыруда және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуде ғылыми зерттеулер ерекше рөл атқарады. Бұл әсіресе мемлекеттік басқарудағы, ішкі және сыртқы саясаттағы, экономикадағы күрделі міндеттерді шешуде аса маңызды», – деді Нурия Ниязова.

Кездесуде ғалымдардың мәртебесін көтерудегі маңызды мәселелері талқыланды. Олардың қатарында бәсекеге қабілетті жалақымен қамтамасыз ету де бар. Кездесуге қатысушылар ғылыми ортадағы сабақтастық мәселесіне де тоқталды. Ол үшін ғылыми дәстүрлерді сақтау және дамыту, сондай-ақ бай тәжірибе мен білімді жас ұрпақпен бөлісудің маңызы зор.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here