Сенаторлар креативті индустрияны дамытудың келешегін сарапшылармен бірге талқылады

0
289

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығында болды. Шара «Шығармашылық индустрияны дамыту келешегі және зияткерлік меншікті қорғаудың құқықтық әдістері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысына дайындық аясында өтті.

Депутаттар кездесу барысында орталықтың жұмысымен танысты. Сондай-ақ алдыңғы қатардағы әлемдік технологиямен жасалған жасанды интеллект саласына мемлекеттік тілді кіріктіру және мемлекеттік тілді оқытудың озық тәсілдерін әзірлеу мәселелері туралы орталық қызметкерлерімен, сарапшы-ғалымдармен және ІТ мамандармен пікір алмасты.

«Мемлекет басшысының ІТ саласына, оның ішінде жасанды интеллекті дамыту мәселесіне ерекше назар аударып отырғаны белгілі. Бұл мәселе Сенат қабырғасында да талқыланатын болады. Осы кездесудің өзі саланың болашағы мен проблемасы туралы көбірек білу үшін өтіп отыр. Бұл бізге Президент қойған міндеттерді орындау үшін заңнамалық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті сенатор Нұртөре Жүсіп.

Депутаттар жүздесу соңында алдағы дөңгелек үстел отырысы барысында тиісті ұсыныстар жинақталып, талқыланатынын атап өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here