Үздіктер анықталды

0
826

12 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан этнодизайнерлер одағы мен Өнер, мәдениет және спорт институтының бірлесіп ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікке тарту» суретшілер мен қол өнер шеберлерінің конкурсы болып өтті.

Конкурсқа оқушылар мен колледж және жоғары оқу орнының студенттері қатысып, өз өнерлерін ұсынды. Мұндағы мақсат – баға жетпес байлығымыз ел тәуелсіздігін жас ұрпақтың жадында жаңғыртып, санасына сіңіру арқылы өзінің төл мәдениетін білетін, құрметтейтін және мақтан ететін ұлтжанды тұлғаларды тәрбиелеу. Сондай-ақ, шығармашылыққа бейім жас таланттарды ынталандыру арқылы олардың бойындағы қабілеттерін ашып, ұлттық қолөнерге бағыттау. Республика деңгейінде өткен конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен 200 жас суретшілер қатысты.

Абай университеті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхамбетов, Қазақстан этнодизайнерлер одағының президенті Салтанат Жапарова, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тайыржан Искаков, «Көркем білім» кафедрасының доценті, ҚР Этнодизайнерлер одағының орынбасары Болатбек Нұрбатыров іс-шараның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, конкурс қатысушыларына ақ жол тіледі.

Іс-шара нәтижесінде әділ қазылар құрамының шешімімен «Тәуелсіздікке тарту» мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері арасында өткен шығармашылық конкурстың жеңімпаздары анықталды.

Конкурстың бас жүлдесі төрт жас суретшіге бұйырды. Олар – Аялым Сабаз, Арайлым Сүлеймен, Назым Досымбек, Айсәуле Шайманова, «Сәндік қолданбалы өнер» номинациясы бойынша бас жүлдені Дамира Сағынай мен Нұрқанат Самат өзара бөлісті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here