Алматы облысында «Киелі мекен» акциясына 300-ге жуық адам қатысты

0
1376

Алматы облысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев бастаған тарихи-мәдени ескерткіштер мен олардың аумақтарының жағдайын жақсартуға бағытталған «Киелі мекен» акциясына 300-ге жуық адам қатысты, олар қала тұрғындары, белсенді жастар, еріктілер және мемлекеттік органдардың өкілдері.

Тазалау жұмыстары Қапшағай бөгетінен солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағалауында орналасқан Тамғалы-Тас трактінің аумағында жүргізілді. Тракт үлкен (60 м-ге дейін) тік жартастардан тұрады. Тамғалы-Тас кешені – Қазақстандағы өнер, тарих және мәдениеттің көрнекті ескерткіші.  Біз қорғауға және сақтауға тиіс осы көне киелі жердің табиғаты, адам көңіліне ұмытылмас әсер қалдыратынына кепілдік береді.

Бірнеше сағаттың ішінде 5 бірлік техника жұмылдырылған «Тамғалы тас» тарихи-мәдени ескерткіші аумағынан 1 тонна қоқыс жиналды.

Мұндай әрекеттер қазақстандықтарды тату көршілік пен өзара көмекке баулиды, табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік, сол арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы аптада «Киелі мекен» шарасына кәсіпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден және түрлі кәсіпкерлік субъектілерінен 300 мыңнан астам адам қатысты. Жиналған қоқыс көлемі 3 тоннаға жуықтады.  Облыс бойынша барлығы 23 бірлік жүк-тиеу техникасы пайдаланылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here