Қарасай ауданының оқушысы республикалық білім сайысында топ жарды

0
885

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ұлдана Рысбек «Білім шыңы» Республикалық пәндік олимпиадасының жеңімпазы атанды.

Физика пәні бойынша үздік атанған оқушы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқуға 100 пайыз жеңілдікке ие болды.

Оны олимпиадаға аталған мектептің физика пәнінің мұғалімі, білікті жас педагог Жанар Асанова дайындады.

«Олимпиада екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы айналымда қатысушылар аталған пәндер бойынша тест тапсырмаларын орындаса, екінші турда арнайы есептерді шығарып білімі мен білігін сынады. Шәкіртім Ұлдана екі кезеңде де жоғары нәтиже көрсетіп, дайындығының тыңғылықты екенін нақты дәлелдеді», – дейді жетекшісі Жанар Тұрарқызы.

Айта кетейік, Республикалық пәндік олимпиаданың басты мақсаты – мектеп оқушыларының ғылыми әлеуетін арттыру және дарынды жастарға қолдау көрсету.

Білім жарысы жыл сайын Қыздар университетінің бастамасымен физика, математика және информатика пәндерінен 10 және 11-сынып оқушылары арасында өткізіліп келеді. Биылғы байқау оқу орнының 80 жылдығына арналып отыр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here