Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Айгүл Қапбарова Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия отырысына қатысты. Шараға қатысушылар аударма ісінде мамандар даярлау мәселесін және қазақ тілін дамыту туралы ұсыныстарды талқылады.
Нұртөре Жүсіп өз сөзінде заң терминологиясын жүйелеуге кәсіби мамандарды тарту және мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелерінің ресурстарын пайдалану қажеттігін атап өтті.
«Қазіргі уақытта салалық терминология жұмысын жүйелеу, оның ішінде заң терминдерін біріздендіру мәселесі өте маңызды. Менің ойымша, құқықтық терминдерді қалыптастыру жөнінде кәсіби мамандар тобын құру, осы жұмысқа білікті заңгерлерді тарту қажет. Қазіргі уақытта заң жобаларын мемлекеттік тілде жазатын мамандар, қызметкерлер бар, тек оларды ынталандыру, осы бағыттағы жұмысты жүйелеу керек және қарқын беру қажет. Бұл ретте ғылым және жоғары білім, әділет министрліктерінің, мемлекеттік органдар мен депутаттық корпустың әлеуетін пайдалану орынды деп санаймын», – деді Нұртөре Жүсіп.
Сенатор жасанды интеллект енгізу және тілді заңнамалық қызметке кіріктірудің қолданыстағы әдістерін түрлендірудің маңыздылығын атап өтті, бұл комиссияның басым міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік беретін болады.
Жемқор Ербол Тілешов тілге бөлінген қаржыны қалай жеуді біледі. Тіл саясаты комитеті оған өте қолайлы болды.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің әлеуетін пайдалану мүмкін емес қой. Осы министрлікке қарасты Тіл саясаты комитетіне бас жемқор төраға болып отыр. Жемқорлық жайлаған жерден нені пайдалануға болады?